Бокс

Руслан Мәдиев мексикалық Абдиэль Рамиресті жеңді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мәдиев (9-0-0, 4 КО) бірінші орта салмақта мексикалық Абдиэль Рамиресті (23-1-1, 21 КО) ұпай саны бойынша ұтты, – деп хабарлайды Qsport.kz  порталы.

9 қыркүйек күні 4 салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы Роман Гонсалес (46-1-0, 38 КО) пен тайландық Сору Рунгвисаи (43-4-1, 39 КО) арасында өтетін жекпе-жектің андеркартында жұдырықтасқан отандасымыз қарсыласын төрешілердің шешімі бойынша (80:72, 79:73, 79:73) жеңіске жетті. Жекпе-жек жоспарланғандай 8 раундқа жалғасты.

25 жастағы мексикалық боксшы кәсіпқой бокс шаршы алаңында 23 кездесу өткізіп, 1 кездесуде жеңілсе, 1 кездесуде қарсыласымен тең түскен. 21 кездесуде ол қарсыластарын нокаутқа түсірген. 

Ал Руслан Мәдиев болса кәсіпқой бокс шаршы алаңында 9 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 4 кездесуде  ол қарсыластарын нокаутқа түсірген. 

Айта кетейік, «Чокалатито» осыдан 6 ай бұрын тайландық былғары қолғап шеберіне есе жіберіп, өзінің барлық атақтарынан айырылып қалған болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс