Бокс

Жеңіс құтты болсын! Қанат Ислам 25-жеңісіне жетті

Qazaq қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты

Астана қаласында «ЭКСПО» көрмесі аясында Қанат Ислам (24-0-0, 19 КО) Брэндон Кукқа (18-0-0, 11 КО) қарсы өткен жекпе-жекте жеңіске жетті, – деп хабарлайды  Qsport.kz  порталы.

Қанат Ислам бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін сарапқа салған болатын. QAZAQ жекпе-жектің алдында қарсыласына қарағанда сәл ауырлау болды. Отандасымыз 69,7 келіні көрсетсе, Кук 68,45 келі тартқан.

Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен жекпе-жекте Қанат Ислам алғашқы раундтан қарсыласын соққының астына алды. Кездесу барысында Брэндон Кукты екі мәрте нокдаунға түсірді. Ал тоғызыншы раундта Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа түсірді.

Осылайша Qazaq 25-ші жеңісіне жетіп, белбеулерін қорғап қалды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс