Соңғы жаңалықтар

Қазақстан жастар құрамасы Францияға жетті

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы бүгін Францияға ат басын бұрды. Черногория құрамасымен өткен ойыннан кейін Владимир Никитенко командасы Астанада бір күн аялдап, Францияға жолға шықты, — деп жазады Qsport.kz порталы. 

Франция астанасына Астана — Париж әуе бағытымен жеті сағаттай ұшып келді. Кейін Парижден Ле-Ман қаласына автобуспен үш сағаттан астам жол жүрді.

Ойыншылардың барлығы алдағы ойынға дайын. Тек шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет Польшада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қатарына қосылды.

Айта кетейік, Франция мен Қазақстан жастар құрамалары арасындағы матч 5 қыркүйек күні өтеді. Ойын Астана уақытымен 22:30-да басталады.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Соңғы жаңалықтар