5 сәуір, Жексенбі

Головкин мен Сондерс қашан кездесетіні белгілі болды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Британиялық промоутер Фрэнк Уоррен WBA Super, IBF және WBC белбеулерінің иесі Геннадий Головкин мен WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс қашан шаршы алаңда жұдырықтасатынын айтты.

«Сондерс – Монро жекпе-жегінің жеңімпазы WBO титулын иеленеді. Ал Головкин мен Канело жекпе-жегінде үш бірдей белбеу бәске тігіліп отыр. Егер Билли Монроны жеңсе, ал Головкин Канелодан басым түссе ағымдағы жылдың желтоқсан айында екі боксшы жұдырықтасуы мүмкін. Бұл жекпе-жек бір себептерге байланысты өтпейтін болып жатса, келесі жылы Канелоға қарсы шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, Сондерс келесі жекпе-жегін 16 қыркүйек күні Лондонда кубалық Вилли Монроға қарсы өткізеді. Ал Геннадий Головкин мен Сауль Альварес дәл осы күні АҚШ-та жұдырықтасады.

Бөлісу

Пікір жазу