19 қыркүйек, Бейсенбі

Қанат Ислам жеңіліп көрмеген канадалық боксшымен жұдырықтасады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның 9 қыркүйек күні Астанада кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, – деп жазады QSport.kz  порталы.

Қанат Исламның қарсыласы канадалық боксшы Брэндон Кук атанды.

31 жастағы канадалық боксшы кәсіпқой бокста 18 жекпе-жек өткізген. Барлық кездесуінде жеңіске жеткен. Оның 11-ін жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтаған. Соңғы жекпе-жегін ол отандасы Стивен Батлерге қарсы өткізіп, уақытынан бұрын жеңген еді.

Қанат Ислам 24 жекпе-жек өткізіп, оның 19-ын нокаутпен аяқтаған.

Бөлісу

Пікір жазу