5 сәуір, Жексенбі

Мария Шарапова карьерасын аяқтауы мүмкін

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Ресейлік теннисші Мария Шарапова әзірге үлкен спортпен қош айтыспайтынын айтты, – деп мәлімдейді TSN.

«30 жасқа дейін теннисте айтарлықтай көп жетістікке жеттім. Енді карьерамды аяқтай беруге болады. Алайда мен үшін теннис — жай ғана спорт емес, одан да терең ұғым. Тенниске мансабымды, бүкіл ғұмырымды арнадым. Сол себепті, қазір теннистен кетпеймін. Мақсатым  осы», — дейді ресейлік теннисші.

Айта кетейік,  17 шілде күні Шарапова Сан-Диегода өтіп жатқан World Team Tennis деп аталатын командалық турнирде әлемнің 62-ракеткасы, америкалық Шелби Роджерстен 3:5 есебімен ұтылып қалған болатын.

Оның үстіне, ресейлік спорты 16 шілде күні мәресіне жеткен Уимблдон жарысына жарақатының кесірінен қатыса алмаған болатын.

Бөлісу

Пікір жазу