5 сәуір, Жексенбі

Зарина Дияс WTA рейтингісінде 16 сатыға көтерілді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Әйелдер теннис қауымдастығының  (WTA) жаңартылған рейтингісінде 16 сатыға көтерілді, – деп жазады QSport.kz порталы.

«Уимблдон – 2017»  турнирінің қорытындысы бойынша жасалған рейтингінің көшін чехиялық Каролина Плишкова бастады. Екінші орынға румын теннисшісі Симона Халеп жайғасса, үздік үштікті неміс қызы Анжелик Кербер түйіндеді.

Қазақстандық Юлия Путинцева төрт орынға жоғарлып, 47-сатыға тұрақтады. Ярослава Шведова керісінше, бірден 33 сатыға төмендеп, 83-орынға түсті. Зарина Дияс 114 сатыға көтерілді. Бұған дейін ол 130-сатыда болатын.

Бөлісу

Пікір жазу