Бокс

Жанат Жақиянов пен Райан Барнеттің бокс кешінде чемпиондық атақ сарапқа салынады

Жақиянов пен Барнеттің андеркартында жұдырықтасатын боксшылардың ішінде чемпиондық титулды сарапқа салатындар бар, — деп хабарлайды Qsport.kz  порталы.

21 қазан күні Солтүстік Ирландияда жеңіл салмақта WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов пен IBF тұжырымының чемпионы Райан Барнеттің арасында өтетін бокс кешінде тағы бір титулды жекпе-жек болады. Солтүстікирландиялық кіші Пол Хэйланд(16-0, 6KO) пен Стивен Ормонд (24-4, 13KO) IBF-тің Батыс және Шығыс Еуропа бойынша чемпионын анықтайтын болады.

Еске салайық, Жақиянов келесі 21 қазан күні Белфаст (Солтүстік Ирландия) қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде өткізеді. Оның қарсыласы IBF белбеуінің иегері Райан Барнетт. Отандасымыз 27 кездесу өткізіп, тек бір жекпе-жекте жеңілістің кермек дәмін татқан. Соңғы рет ZZ шаршы алаңға 11 ақпан күні Толедо (АҚШ) қаласында шығып, америкалық Роуши Уорреннен үстем түсіп, жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO белбеулерін жеңіп алды. Бірақ кейіннен Жақиянов IBO белбеуінен бас тартты. Ал ирландиялық боксшы кәсіпқой бокс шаршы алаңында 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 9 рет ол қарсыласын нокаутқа жіберген.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс