Ережесіз жекпе-жек

Арман Оспановтың рейтингі көтерілді

Ережесіз жекпе-жекте өнер көрсететін, Қазақстандағы ең мықты файтерлердің бірі Арман «Сұңқар» Оспановтың рейтингі көтерілді, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

ACB тұжырымда жеңіл салмақта (66 келі) төбелесетін отандасымыз жаңартылған рейтингте бір сатыға көтерілген. 19 тамыз күні Сұңқардың салмағындағы Юсуф Раисов пен Луис Паламино Грозный қаласында өткен ACB-67 турнирінің арасында уақытша чемпиондыққа таласқан болатын. Сол кездесуден осы салмақтың рейтингі төмендегідей жаңарған:
Марат Балаев – чемпион.
1. Юсуф Раисов
2. Мухамедов Коков
3. Адлан Батаев
4. Александр Педусон
5. Луис Паламино
6. Арман Оспанов
7. Акоп Степанян
8. Алексей Полпудников

Айта кетейік, Арман Оспанов өзінің осы ұйымдағы алғашқы кездесуінде жапондық Тайжи Накажиманы айналып теуіп, нокаутқа жіберген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Сүңқар бастаған жекпе-жек майталмандары 9 қыркүйек күні «Алматы Аренда» ACB-69 турнирінде өнер көрсетеді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек