Соңғы жаңалықтар

Роналду әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы болғысы келеді

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы атанғысы келіп, «корольдік клуб» басшыларына жалақысын көбейту туралы өтініш жасапты, – деп жазады Qsport.kz порталы. 

Испаниялық AS басылымының мәліметі бойынша, 32 жастағы шабуылшы жылына 40 миллион евро жалақы алғысы келеді екен. Қазіргі уақытта осындай жалақыны «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси мен «ПСЖ» шабуылшысы Неймар алады. 

Бұрнағы күні Роналду «Реалдан» 21 миллион евро көлемінде жалақы алады. Шамамен тура осында жалақыны «ПСЖ» «Монако» шабуылшысы Килиан Мбаппеге ұсынып отыр. 

Еске салайық, кеше Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду мадридтік «Реалда» қалу-қалмауы әлі белгісіз болып жатқаны туралы да мәлімет шыққан еді.

«Дәл қазір Роналдудың бар ойы жұмысында. Командасымен күнделікті жаттығу жұмыстарын өткізіп жүр. Алайда оның командада нақты қалу-қалмауы әзірге белгісіз болып тұр. 31 тамызға дейін барлығы белгілі болады», — дейді Роналдудың қарамағында жүрген адамның бірі танымал El Pais басылымына берген сұхбатында.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Соңғы жаңалықтар