Соңғы жаңалықтар

Бүгін «Астананың» Еуропа лигасындағы қарсыластары анықталады

Бүгін Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққан «Астана» футбол клубының қарсыластары анықталады. Жеребе тарту рәсімі Монакода өтеді, – деп жазады Qsport.kz порталы. 

Топтық кезеңге жолдама алған 48 команда УЕФА-дағы рейтингтік көрсеткіштері бойынша төрт себетке бөлінді. Елордалық ұжым үшінші себеттен орын алды. Жеребе кезінде әр себеттен бір-бір командадан таңдалып, 12 топқа бөлінеді.

Бірінші себет: «Арсенал», «Зенит», «Лион», «Динамо» Киев, «Вильярреал», «Атлетик», «Лацио», «Милан», «Виктория Плзень», «Ред Булл Зальцбург», «Копенгаген», «Брага».

Екінші себет: «Стяуа», «Лудогорец», БАТЭ, «Эвертон», «Янг Бойз», «Марсель», «Реал Сосьедад», «Маккаби» Тель-Авив, «Локомотив», «Аустрия», «Герта», «Ницца».

Үшінші себет: «Астана», «Партизан», «Хоффенхайм», «Кельн», «Риека», «Витория Гимарайнш», «Аталанта», «Зюлте-Варегем», «Заря» Луганск, «Русенборг», «Шериф», «Хапоэль» Беэр-Шева.

Төртінші себет: «Аполлон» Лимасол, «Истанбул ББ», «Коньяспор», «Витесс», «Славия» Прага, «Црвена Звезда», «Скендербеу», «Злин», АЕК Афины, «Лугано», «Вардар», «Эстерсунд».

Жеребе тарту рәсімі Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Тікелей эфирде Qazsport арнасы көрсететін болады.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар