Соңғы жаңалықтар

Криштиану Роналду – Еуропаның үздік футболшысы атанды

Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду 2016/2017 жылғы футбол маусымының үздік ойыншысы атанды. Футболшы Монакода өткен Чемпиондар лигасының жеребе тастау кешінде марапатталды, – деп жазады Qsport.kz порталы. 

Криштиану Роналду өткен маусымды сәтті өткізді. Чемпиондар лигасын екінші жыл қатарынан жеңіп алды. Сондай-ақ Испания примерасында командасын алға сүйреді. Шабуылшы Еуропаның үздік ойыншысы атанып қана қоймай, үздік шабуылшы атағын да иеленді.

Өткен маусымның үздік қақпашысы атағына Джанлуджи Буффон, үздік қорғаушы марапатына Серхио Рамос ие болды. Үздік жартылай қорғаушы болып Лука Модрич танылды.

Қыздар арасындағы үздік ойыншы марапатына Лик Мартенс ие болды.

Үздіктер Чемпиондар лигасына қатысушы командалардың жаттықтырушылары мен УЕФА құрамына енетін 52 тілшінің дауыс беруі бойынша анықталған.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Соңғы жаңалықтар