Алматылық «Қайрат» футзал клубы бразилиялық қақпашы Эдуардо да Силва Ферейера Лимамен (Дуду) келісімшарт жасады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлайды.
Клуб пен қақпашы 2+1 жүйе бойынша келісімшартқа қол қойды. 25 жастағы Эдуардо алматылық клубқа бразилиялық «Жоинвиль» клубынан ауысып келді. Ол 2016 жылғы әлем чемпионатының алдында Бразилия құрамасының кеңейтілген құрамасында болған. Сондай-ақ өткен жылы қақпашы Бразилия жастар құрамасында өнер көрсеткен.