Басқалары

Айдар Қазов жазғы Универсиада ойындарында алтыннан алқа тағынды

wfrk.kz

Қазақстандық ауыр атлет Айдар Қазов Тайбэй елінде өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында топ жарды, – деп хабарлайды  QSport.kz  порталы.

75 келіде сынға түскен Айдар Қазов Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтынды салды. 

Алтынға талас қазақстандық Альберт Линдер мен ресейлік Вячеслав Яркин және канадалық Алекс Бельмардың арасында өтті. Серпе көтеруде 145 келіні бағындырған Альберт екі бәсекелесінен де қалып қойған. Дегенмен жұлқа көтеруде бірінші мүмкіндігінде-ақ қазақстандық ауыр атлет 175 келіні көтерді. Ал екінші мүмкіндігінде Айдар Қазов 11 келі қосып, 186 килограмды оңай бағындырды. Осылайша, қазақстандық атлет жұлқа көтеруден соң Универсиаданың чемпионы атанды.

Үздік үштікті канадалық Алекс Бельмар түйіндеді. Оның көрсеткіші – 316 (147+169). Вячеслав Яркин 330 (150+180) көрсеткішімен екінші орынды қанағат тұтса, қос сайыс нәтижесі бойынша 331 (145+186) көрсеткішпен Айдар Қазов алтыннан алқа тағынды.

Еске салайық, кеше Қазақстан құрамасы бір алтын және бір қола медаль алған болатын. Ауыр атлет Альберт Линдер 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Универсиаданың екі бірдей рекордын жаңартып, жеңімпаз атанған. Ал оның алдында зілтемірші Арли Чонтей қола медаль иеленген еді. Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Қазақстан қоржынына жазғы Универсиада ойындарының үшінші медалін салды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары