Соңғы жаңалықтар

«Астананың» жартылай қорғаушысы: Жанкүйерлер қолдау көрсетсе жеңіске жетеміз

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясында өтетін «Селтикке» қарсы қарымта кездесу алдында «Астананың» жартылай қорғаушысы Иван Маевскийдің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, — деп хабарлайды  QSport.kz  порталы елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

— Қарымта қайтаруға тырысамыз. Бірінші ойында 5 гол жібермеу керек едік. Ел-жұрт әртүрлі пікір білдірді өткен жеңілістен кейін. Бірақ іштей кейімей, сапалы футбол көрсету үшін алаңға шығамыз. 

— «Астана Аренада» жеңілмейтін дәстүріміз бар. Ертең қалайша қарсылық көрсете аламыз? 

— Жанкүйерлер мықты қолдау көрсетсе жеңіске жету үшін барымызды саламыз. 

— «Үйде» өз ойынымызды көрсете аламыз ба?

— «Селтик» бос кеңістікті дұрыс пайдаланады, соның арқасында көп гол соққан. Бұл жолы біз көбірек доп ұстап алаң қожайыны екенімізді көрсетеміз.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Соңғы жаңалықтар