25 Мамыр, Сенбі

«Астана» Хорватия біріншілігінің үздік ассистентімен келісімшарт жасады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Елордалық «Астана» футбол клубы хорватиялық  «Риека» командасының жартылай қорғаушысы Марин Томасовпен келісімшартқа қол қойды, – деп хабарлайды  Qsport.kz  елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Томасов карьерасында «Риека» командасынан бөлек, өз отанында «Хайдук» және «Задр» командалары сапында өнер көрсеткен. Хорватиялық ойыншы Германия чемпионатының өкілі «Мюнхен 1860» командасында 3 маусым өткізген.  Ал соңғы маусымды ол Сауд Арабиясында «Аль-Наср»  командасында жалда ойнаған.

Немістің transfermarkt.de сайтының мәліметі бойынша, Хорватия жастар құрамасы сапында өнер көрсеткен ойыншының құны 2 миллион евро.

Айта кетейік, Томасов Хорватия ұлттық құрамасы сапында да бір ойын өткізген. Марин 2015-2016 жылғы футбол маусымында Хорватия чемпионатында үздік асистент атанса, ел кубогында үздік сұрмерген атанған.

Бөлісу

Пікір жазу