19 қыркүйек, Бейсенбі

Ковалев Уордпен үшінші рет кездесе ме?

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Кәсіпқой бокста жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін ресейлік Сергей Ковалев (30-2-1, 26 КО) WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы америкалық Андре Уордпен үшінші рет кездесуді көздеп отырған жоқ екенін айтты.

«Жоқ, Уордпен үшінші рет кездесу менің жоспарыма кірмейді. Бірден айтайын: мен одан қорықпаймын, тек бұл жағдайды маған тезірек ұмыту керек. АҚШ-та жергілікті боксшыға қарсы жекпе-жек өткізу қиын. Иә, ол бұған дейін мүлде жеңілген жоқ. Оның жанкүйерлері да ақшасы да көп. Оның промоутері Джей Зи мен Бейонстің байлығы 3,5 миллиардтан асып кетеді. Сондықтан да мұндай боксшымен жұдырықтасу оңай емес. Бірінші және екінші кездесуде де төрешілерді олар таңдады. Оның өзі үлкен рөл атқарады. Сол себепті мен онымен үшінші рет жекпе-жек өткізуді көздеп отырған жоқпын»,  — деп келтіреді Ковалевтің сөзін ТАСС

Айта кетейік, Ковалев пен Уорд арасындағы жекпе-жек 18 маусымда Лас-Вегаста  өтті. Кездесу сегізінші раундта америкалықтың пайдасына шешілді. Ковалевтің бапкерлері бұл кездесудің нәтижесіне байланысты шағым білдірген. Оның қорытындысы алдағы уақытта шығады.

Ал ресейлік боксшының промоутері Кэти Дува Ковалевтің келесі кездесуі қараша айында өтетінін айтты. Алайда оның келесі қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз.

Бөлісу

Пікір жазу