19 қыркүйек, Бейсенбі

Әли Ахмедов алғашқы белбеуін жеңіп алды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Отандасымыз Әли Ахмедов америкалық қарсыласы Кент Холланды бірінші раундта нокаутқа түсірді, – деп хабарлайды Qsport.kz

Кәсіпқой бокста 7 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен отандасымыз Әли Ахмедов өз мансабындағы тұңғыш белбеуге қол жеткізді. Солтүстік Коралинаның Шарлотт қаласында өткен бокс кешінде Әли Ахмедов америкалық 30 жастағы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсіріп, WBC белбеуі жүйесіне кіретін NABF титулын иеленді.

Еске сала кетейік, Әли Ахмедов Қанат Исламның 9 қыркүйекте Астанада өтетін Кәсіпқой бокс кешінің андеркатында жұдырықтасатын болады. Қарсыласы әлі белгісіз.

Бөлісу

Пікір жазу