Бокс

АИБА басшысының болашағы қыркүйекте шешілетін болды

Халықаралық әуесқой бокс федерациясының басшысы (АИБА) Чинг-Куо Вудың ұйым президентінде қызметінің мәселесі қыркүйек айында шешіледі, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Hit Hard News басылымына сілетеме жасап. 

17 тамыз күні Швейцарияның федеральды сотында АИБА президенті Чинг-Куо Ву мен ұйымның атқарушы директоры Уильямның Луи-Маридің қызметінен алып тастау туралы сот отырысы өткен еді. Бірақ бұл отырыста ешқандай шешім шықпады. Бұл іске байланысты нақты үкім қыркүйек айында қабылданатын болды. 

Еске салайық, шілденің басында AIBA-ның 13 өкілі президенттің қызметінен кетуді талап еткен еді. Чинг-Куо Вуды федерацияның  өкілдері параға қатысы бар деп айыптап жатыр. Өйткені бұған дейін АИБА-ның бұрынғы атқарушы директоры Хо Ким 10 миллион доллар көлемінде пара алды деп ұсталып, оның үстінен үш бірдей қылмыстық іс қозғалды. Федерацияның өкілдері бұл іске Вудың да қатысы бар деп отыр.

Осы іске байланысты қазіргі уақытта Лозанна қаласындағы Халықаралық Олимпиада комитеті ғимаратында АИБА-ның кеңсесі жабық тұр. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс