Бокс

Ригондо Ломаченконмен кездесуі үшін жартылай орта салмаққа көтерілуге дайын екен

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы, Василий Ломаченконың  (9-1, 7 КО) жұмыстарымен айналысатын Боб Арум  BoxingScene порталының тілшісіне берген сұхбатында украиналық боксшы мен кубалық Гильермо Ригонда (17-0, 11 КО) арасындағы кездесудің келіссөздері аяқталуға жақын екенін айтты, – деп жазады Qsport.kz порталы. 

Промоутердің айтуынша, Ломаченко өзінің келесі кездесуін 9 немесе 23 желтоқсан күні өткізеді. Бірақ жекпе-жектің нақты қай күні өтетіні әлі анықталмаған. 

«Ломаченко кез келген боксшымен кездесуге дайын. Мен Roc Nations компаниясымен (Ригондоның промоутері — ред) келіссөз өткіздім. Ломаченкомен кездесуі үшін Ригондо да екінші жартылай орта салмаққа көтерілуге дайын. Бірақ Ригондоның сыйақысын келісе алмай жатырмыз. Себебі, ол тым көп ақша сұрап жатыр. Жуырда ол мәселе де өз шешімін табады деп ойлаймын»,  дейді Арум. 

Айта кетейік, егер Ломаченко Ригондамен жекпе-жек ұйымдастыра алмаса, онда ол 9 қыркүйек күні мексикалық Орландо Салидомен кездесуі ықтимал. 

Василий Ломаченко кәсіпқой бокста 9 кездесу өткізіп, 8-інде жеңіске жетсе, 1 кездесуде мексикалық Орландо Салидодан жеңіліп қалды. Соңғы кездесуін 29 жастағы украиналық боксшы 2017 жылдың 5 тамызында Мигель Марригаға қарсы өткізіп, жеңіске жетті. Айта кетейік,  Ломаченко 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы. 

Ал Гильерме Ригондо болса 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 11 кездесуде ол қарсыластарын нокаутқа түсірген. 36 жастағы кубалық боксшы өзінің соңғы кездесуін 2017 жылдың 17 шілдесінде өткізіп, Мойзес Флорестен үстем түсті. Ригондо 2000 жылғы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс