19 қыркүйек, Бейсенбі

Әлем біріншілігінде белдесетін балуандар белгілі болды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Тамыздың 21-26 аралығында Францияның Париж қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Әлемнің ең мықты деген балуандары бас қосатын дүбірлі додада еліміздің 23 балуаны бақ сынайды, – деп жазады Qsport.kz порталы.

Қазақстан құрамасының балуандары бүгінде соңғы оқу-жаттығу жиындарын пысықтап жатыр. Мәселен, Нұрым Дүйсенов баптайтын грек-рим күресінің балуандары осыған дейін Беларусь еліне барып қайтса, соңғы дайындықты Алматыдағы AIBA академиясында өткізуде. Сондай-ақ Қайрат Сағадиев жетекшілік ететін қыздар құрамасы да Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданындағы Олимпиадаға даярлау орталығында дайындалуда.

Қазақстанның еркін күрес балуандары бұған дейін Щучинскіде Дағыстан, Беларусь және Қырғызстан елдерінің балуандарымен біріккен оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Әсет Серікбаевтың қол астында жаттығатын балуандарымыз одан кейін Польшаға соңғы дайындықтарын пысықтауға кетті. Одан ары Парижді бетке алады.

Франция астанасында өтетін дүбірлі додада еркін күрес пен қыздар құрамасы толық құрамда өнер көрсетеді. Ал грек-рим күресінің балуандары сегіз салмақтың жетеуінде күш сынасады. 130 келі салмақта әлемнің үш дүркін қола жүлдегері Нұрмахан Тінәлиев те, соңғы Қазақстан чемпионатында топ жарған Дамир Күзембаев та жарақаттарына байланысты Париждегі әлем чемпионатына қатыса алмайтын болды.

Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының балуандары

Еркін күрес

57 келі: Нұрислам Санаев

61 келі: Дәулет Ниязбек

65 келі: Мейіржан Әшіров

70 келі: Ақжүрек Таңатаров

74 келі: Ғалымжан Өсербаев

86 келі: Азамат Дәулетбеков

97 келі: Мамед Ибрагимов

125 келі: Іңкәр Ермұхамбет

Грек-рим күресі

59 келі: Мейрамбек Айнағұлов

66 келі: Алмат Кебісбаев

71 келі: Демеу Жадыраев

75 келі: Мақсат Ережепов

80 келі: Асқат Ділмұхамедов

85 келі: Азамат Құстыбаев

98 келі: Ерұлан Ысқақов

Қыздар күресі

48 келі: Жұлдыз Ишимова

53 келі: Айгүл Нұрәлім

55 келі: Марина Седнева

58 келі: Гүлшахрат Таласова

60 келі: Аяулым Қасымова

63 келі: Зарина Құнанғараева

69 келі: Эльмира Сыздықова

75 келі: Гүлмарал Еркебаева

Бөлісу

Пікір жазу