6 желтоқсан, Жексенбі

Елдос Жұмақанов: Ел мүддесі үшін қызмет етсем деймін

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Дзюдо күресінен талай байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап, көк туымызды желбіреткен Елдос Жұмақанов «Нұр Отан» партиясының праймеризіне қатысып жатқаныны  көңіл көншітті. Праймериздің яғни, партияішілік сайлаудың тізіміне Елдостың енуі депуттардың сапалық құрамын жақсартатыны анық. Қазақстан жастары үшін спорттың қолжетімді болуын көздейтін әскерилер арасындағы әлем чемпионы, Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегерімен арнайы әңгімелесуді жөн көрдік. 

–Ежелден денсаулықты басты байлыққа балап, оның қадірін жете түсінген халқымыз коронавирус пандемиясы кезінде дені сау болуы үшін қолдағысын аямайтынын көрсетті. Карантин уақытында ешқандай спорттық құрылығыларсыз онлайн жаттығу өткізіп, кез келген жерде халықтың спортпен шұғылдануға қолжетімді болуы керек екенін түсіндім. «Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады» демекші, халқымыздың ойы сергек, жастарымыздың дені сау болу үшін спорттың кез келген түрімен айналысуын қолжетімді ету мақсатында депутаттық сайлауға түсуді жөн көрдім. Халықтың арасында жүргендіктен елдің мұң-мұқтажын жеткізіп, ел мүддесі үшін қызмет етсем деймін.

Праймеризге үміткер ретінде тіркелген Елдостың туған қаласын қалай көркейтуді көздейтінінсұрап-білдік.  

– Әрине, спортшы болғандықтан депутаттыққа спорт саласы жағынан үміткермін. Спорттың қоғамға деген пайдасы қандай екенін көтеріп, адам үшін аса маңызға ие спортпен халқымыздың тегін шұғылдануына аса мән беремін. Елбасымыз өзінің жолдауында Қазақстан халқының отыз пайызын бұқаралық спортқа тарту туралы айтқан болатын. Сол мақсатта Алматы қаласындағы әр ауданның кез келген ауласында спорт алаңдары салынып, спорттың барлық түрімен шұғылдануға үлкен мүмкіндік жасалып отыр. Жақында ғана, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанда тұңғыш рет «Айнабұлақ жекпе-жек орталығы»  ашылды. Көше форматындағы ашық ауада жұмыс істейтін жазғы спорт алаңында 6 жастан 18 жасқа дейінгілер спорттың барлық түрі бойынша тегін дайындала алады. Болашақта қаламыздың барлық ауданында осындай спорт алаңын салу жоспарда бар. Адамды бала кезінен бастап дене тәрбиесіне баулу үшін оның спортпен айналысуына қолда бар жағдайдың бәрін жасау керектігін Елбасымыз да айтқан болатын. Дені сау ұлтты қалыптасыру үшін және бұқаралық спортты дамыту мақсатында қаланың барлық ауданында спорт нысандарын көптеп салып,  халық арасында салауатты өмір салтын ұстануға барынша жағдай жасауымыз керек. Әсіресе, жастардың барынша спортты серік етіп, қалаған спорт түрімен тегін айналысып, жағдайы мүшкіл жандарды спорт киімдерімен қамтамасыз етуді көздейміз. Өйткені қазір жастар арасында нашақорлардың көбейіп, шылым тарту мен ішімдікке салынушылардың саны артып бара жатқаны жасырын  емес.

Бөлісу

.