Қазақстандық балуан Дәулет Шабанбай 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
Халықаралық Олимпиада комитеті өзбек спортшысы Артур Таймазов пен грузия өкілі Давид Модзманашвили тыйым салынған препараттарды қолданғаны үшін Лондон Олимпиадасының жүлдесінен айырылды.
Осылайша 8 жыл өткен соң 120 кило салмақта 2012 жылғы Олимпиаданың алтыны ресейлік балуан Билял Маховқа бұйырса, иран спортшысы Комейл Гасеми вице-чемпион атанды. Ал қазақ балуаны Дәулет Шабанбай қола жүлдені иемденді.