Еліміздегі карантин шараларының 2 тамызға дейін созылуына байланысты хоккейден Қазақстан Президентінің кубогы өтпейтін болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.
«ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің еліміздегі карантин шараларын 2 тамызға дейін созу туралы ресми мәлімдемесінен кейін «Барыс» хоккей клубы маусым алдындағы жиынның 3 тамызға ауыстырылғанын хабарлайды. Сондай-ақ, тамыздың алғашқы күндерінде өтуі тиіс Қазақстан Президентінің кубогы турнирі биыл ұйымдастырылмайды. Мұндай қадамға баруға еліміздегі эпидемиологиялық жағдай себеп болып отыр», — делінген клубтың ресми сайтында.
Еске сала кетейік, карантин шараларының күшейтілуіне байланысты олимпиадалық спорт түрлерінен Қазақстан құрама командасы жаттығу жиындарын тоқтатты.
«Ертістің»