12 тамыз, Сәрсенбі

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы сыайқысы қанша?

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі (Ultimate Fighting Championship) алғашқы жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеп.

Жалғас Жұмағұлов бразилиялық Раулин Пайваға (19-3-0) қарсы жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілер жеңісті бірауыздан бразилиялық спортшыға берді. 

Express.co.uk басылымының мәліметінше, Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебюті үшін қосымша бонустан бөлек 12 мың доллар сыйақы алады. Ал оның қарсыласы Раулин Пайваның сыйақысы 14 000 долларды құраған. Алайда бразилиялық спортшы жекпе-жекке артық салмақпен шыққаны үшін сыйақысын 20% Жалғас Жұмағұловқа беруге мәжбүр.

Айта кетейік, Жалғас өткен жылдың қараша айында ресейлік Али Багаутиновты төрешілер шешімі бойынша жеңіп, Fight Nights Global чемпионы ретінде осы турнирде бақ сынауға мүмкіндік алған. 

Бөлісу

.