30 қазан, Жұма

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жете алмады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы

Бразилиялық Раулин Пайваға (19-3-0) қарсы жекпе-жек үш раундқа созылып, нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан Жалғастың қарсыласына берді.

Дегенмен көптеген сарапшылар айқас кезінде қазақстандық спортшының белсенді болғанын, соққылары жиі болғанын айтып, төрешілердің шешіміне қарсылық білдірді.

Айта кетейік, Жалғас өткен жылдың қараша айында ресейлік Али Багаутиновты төрешілер шешімі бойынша жеңіп, Fight Nights Global чемпионы ретінде осы турнирде бақ сынауға мүмкіндік алған.

Бөлісу

.