30 қазан, Жұма

UFC 251 турнирінің жарнамалық бейнесі жарияланды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

UFC баспасөз қызметі Твиттердегі ресми парақшасында UFC 251 турнирінің жарнамалық бейнесін жариялады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жекпе-жек кеші 11 шілдеде Абу-Дабидегі (БАӘ) «Жауынгерлер аралында» өтеді. Шоудың басты жекпе-жегінде Камару Усман (16-1) және Гилберт Бернс (19-3) айқасады. Ал кардта қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-3) та өнер көрсетеді.

Оқи отырыңыз: Арман Әшімов пен Жалғас Жұмағұлов кезекті жекпе-жектеріне бірге дайындалуда

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов UFC 251 кешінде бразилиялық Раулиан Паиваға (19-3) қарсы жұдырықтасады. Ол соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында өткізіп, Fight Nights Global 95 турнирінде ол ресейлік Али Багаутиновты (19-7) жеңген болатын.

Бөлісу

.