31 қазан, Сенбі

Нұрбақыт Теңізбаевтың коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсетті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев Талдықорғандағы облыстық ауруханада ем алып жатыр,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Олимпиада ойындарының жүлдегері коронавирус инфекциясын жұқтырған. Спортшының айтуынша, оған пневмония диагнозы қойылған. Бір аптадан бері ауруханада ем алып жатыр. Қазір өзін жақсы сезінеді.

Нұрбақыт Молдахметұлы 1983 жылы 10 сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. Грек-рим күресінен Азияның бірнеше дүркін чемпионы, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2009 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған кәсіби спортшы.

2014 жылы Алматы облыстық жоғарғы спорт шеберлік мектебінің директоры қызметіне тағайындалды.

2018 жылдың қазан айынан бастап Алматы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымын атқарады.

Бөлісу

.