12 тамыз, Сәрсенбі

«Реал» қайтадан бірінші орынға шықты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Мадридтік «Реал» футболдан Испания чемпионатының 32 турында «Эспаньолды» ұтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Эспаньол» алаңында өткен ойын корольдік клубтың пайдасына шешілді — 1:0. Ойынның 45 минутында Каземиро соққан гол мадридтік командаға жеңіс сыйлады.

Оқи отырыңыз: «Реал» «Барселонаны» басып озып турнир кестесінде бірінші орынға шықты

Айта кетейік, Зидан шәкірттері 71 ұпаймен турнир кестесінде қайтадан бірінші орынға шықты. Ал «Барселона» 68 ұпаймен екінші орында тұр. Корольдік клубқа есе жіберген «Эспаньол» 24 ұпаймен соңғы орында.

Бөлісу

.