12 тамыз, Сәрсенбі

Хабиб Нурмагомедовтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жеңіл салмақтағы UFC  чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Нурмагомедов келесі жекпе-жегіне UFC 253 турнирінде шығады. Бұл туралы спортшының менеджері Али Абдель-Азиз хабарлады.

UFC 253 турнирі Абу-Дабиде 2020 жылдың 19 қыркүйегінде өтеді деп жоспарланған. Джастин Гэтжи де Абдель-Азиздің клиенті, ол ресейліктердің келесі қарсыласы болмақ.

Оқи отырыңыз: Хабиб Нурмагомедов: Гэтжимен қашан төбелескенім дұрыс?

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов соңғы жекпе-жегін былтыр америкалық Дастин Порьеге қарсы өткізіп, қылқындыру әдісімен жеңіске жеткен болатын. Ал Джастин Гэтжи болса, соңғы жекпе-жегінде Тони Фергюсонды жеңген еді. 

Бөлісу

.