30 қазан, Жұма

ФИФА пандемияға байланысты ұлттық федерацияларға 1,5 миллиард доллар бөледі

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Халықаралық футбол федерациясының кеңесі (ФИФА) коронавирустың таралуына байланысты экономикалық салдарды жою жоспарын бекітті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. Оның аясында футбол қауымдастығына 1,5 миллиард долларға дейін қаражат бөлінеді.

ФИФА әкімшілігі мұндай шешімді конфедерация өкілдерімен видеоконференция түрінде өткен ұйым кеңесі отырысында бірауыздан мақұлдады. Қаржылық қолдау гранттар мен несиелер жүйесі арқылы көрсетіледі.

ФИФА құрамына кіретін барлық ұлттық қауымдастықтарға $ 1 млн әмбебап бірлескен грант қол жетімді, ал әйелдер футболына қосымша 500 мың доллар қосымша грант бөлінеді. Сонымен қатар, әр конфедерация 2 миллион доллар көлемінде грант алады.

FIFA қауымдастығының мүшелері расталған жылдық кірісінің 35 пайызына дейін пайызсыз қарыз алуға өтініш бере алады. Несиенің ең төменгі сомасы — 500 мың доллар, ең көбі — бес миллион. Сонымен қатар, әрбір конфедерация 4 миллион долларға дейінгі несиеге қол жеткізе алады.

Бөлісу

.