12 тамыз, Сәрсенбі

Исламхан «Рубин» сапына ауысуы мүмкін

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Ресейдің «Спорт-Экспресс» сайты Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламханды «Рубин» клубының алуы мүмкін ойыншыларының тізіміне қосты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бұл хабар бұған дейін де айтылған болатын.  Исламхан «Әл-Айн» сапына 31 қаңтарда өтіп, маусым соңына дейін келісімшартқа қол қойған. Спортшы эмираттық клуб сапында 10 ойын өткізіп, 1 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, «Әл-Айн» клубы Исламханға келісімшарт аяқталмай жатып жаңасын ұсынған. Мұның алдында қазақстандық футболшының агенті Марат Арчегов Исламханға Ресей мен Италияның А сериясынан қызығушылық барын айтқан болатын.

Бөлісу

.