30 қазан, Жұма

«Барселона» Испания чемпионатында қайтадан көш бастады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Каталониялық «Барселона» клубы Испания чемпионатында қайтадан көш бастады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бүгін түнде болған ойында каталондық клуб бильбаолық «Атлетикті» (1:0) жеңді. Ойынынң 71 минутында Мессидің пасын ұтымды пайдала білген Иван Ракитич есеп ашты.

Испания чемпионатының 31 турынан кейін «Барселона» 68 ұпаймен турнир кестесінде қайтадан көш бастады. Осылайша олар мадридтік «Реалды» басып озды. Дегенмен «Реалдың» әлі өтуі керек бір ойыны бар.

Оқи отырыңыз: Месси «Барселонамен» келісімшарт мерзімін ұзартты

«Барселонаға» есе жіберген «Атлетик» турнир кестесінде оныншы болып тұр. Зидан шәкірттері бүгін өз алаңында «Мальоркамен» кездеседі.

Бөлісу

.