31 қазан, Сенбі

Новак Джоковичтің коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсетті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джоковичтің коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсетті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Теннисші Белградтағы Adria Tour турнирінен кейін коронавирусқа тест тапсырды. Бұл турнирге қатысқан екі теннисші болгар Григор Димитров және хорватиялық Борн Чорич те вирус жұқтырған. Джокович, Чорич және Димитров бір топта ойнаған.

Теннисшінің жары Еленаның да вирус жұқтырғаны анықталған. Ал балаларының сынамасы теріс нәтиже көрсеткен. Енді олар 14 күн оқшауланбақ.

Бөлісу

.