12 тамыз, Сәрсенбі

Мария Агапова UFC тұжырымымен екінші жекпе-жегін өткізу туралы келісімшартқа қол қойды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жақында ғана әлемге әйгілі UFC тұжырымымен келісімшартқа отырған Мария Агапова ұйыммен екінші жекпе-жегін өткізу туралы келісімшартқа қол қойды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Спортшы бұл туралы өзінің инстаграмдағы парақшасына жазды. 

Агапова октагонға 22 тамызда Лас-Вегастағы (Невада) UFC Apex аренада 31 жастағы америкалық Шана Добсонмен төбелеседі.

Оқи отырыңыз: Мария Агапованың келесі қарсыласы анықталды

Айта кетейік, жақында ғана қазақстандық спортшы қыз UFC-дегі дебютін өткізіп, америкалық Ханна Сайферсті 2 минут 42 секундта қылқындыру әдісімен жеңген еді. Осы жеңістен кейін қазақстандық файтер қыз бірден Шана Добсонды жекпе-жекке шақырды. Қазіргі таңда Добсон ММА-де жеті жекпе-жек өткізген, оның үшеуінде жеңіп, төртеуінде жеңілген. 

Бөлісу

.