12 тамыз, Сәрсенбі

«Әкем әлі хәл үстінде». Хабиб әкесінің жағдайы туралы айтты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жеңіл салмақтағы UFC  чемпионы Хабиб Нурмагомедов дәл қазіргі уақыттағы Дағыстандағы коронавирусқа қатысты жағдай туралы айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Шың артта қалды. Мен осы шыңға тап келгенімді өзім сезіндім. Әкем әлі хәл үстінде жатыр. Коронавирус артта қалды, бірақ ол жүрекке, бүйрекке өз ізін қалдырды. Енді вирусқа алаңдамауға болады.

Көп туысым дертке шалдықты. Кейбір туысым енді жоқ. Қазір бәрі тұрақталды. Науқастар аз, әлдеқайда жақсырақ, өмір баяу қалпына келіп жатыр, бәрі жақсарады.

Оқи отырыңыз: Хабиб Нурмагомедов: Әкемнің жағдайы өте ауыр…

Бір ай бұрын бұл ауыр сынақ болды. Меніңше, тек Дағыстан ғана емес, бүкіл әлем бұған тап болды, мен оған ешкім дайын емес екенін көрдім. Бұған дейін адамзат бұрын-соңды мұндай күрделі жағдаймен күресті деп ойламаймын. Дағыстан бұған дайын болмады», — деді Хабиб Нурмагомедов Бірінші арнаға берген сұхбатында.

Оқи отырыңыз: Хабибтің әкесі әлі де өлім аузында

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедовтің әкесі сәуір айының соңында ауырған. Мамырдың басында ол Мәскеудегі ауруханаға жеткізілді. Жаттықтырушының жағдайы ауыр. БАҚ-тың хабарлауынша, 57 жастағы Нурмагомедов коронавируспен ауырған.

Бөлісу

.