12 тамыз, Сәрсенбі

Головкин бапкерін туған күнімен құттықтады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин бапкері Джонатан Бэнксті туған күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Туған күніңмен, Джонатон Бэнкс!» — деп жазды GGG инстаграм желісіндегі «сторисіне».

Оқи отырыңыз: Головкиннің сүйікті үш боксшысы кім?

Қазақстандық боксшы рингке тамыз-қыркүйек айларында оралуы мүмкін. Оның келесі қарсыласы поляк боксшысы Камил Шеремета болмақ. Коронавирус пандемиясына байланысты жекпе-жектің нақты уақыты мен орны әзірге белгісіз.

Оқи отырыңыз: Головкин The Ring жаңартылған рейтингінде бірінші орында, «Канело» одан жоғары

Айта кетейік, Головкин Джонатан Бэнкспен бірге былтыр көктемде Абель Санчеспен қош айтысқаннан кейін жұмыс істей бастады. Ол жаңа бапкердің басшылығымен екі жекпе-жек өткізді: бұрын жеңілмеген канадалық Стив Роллсты нокаутқа жіберіп, Украина өкілі Сергей Деревянченконы төрешілердің шешімімен жеңді.

Бөлісу

.