12 тамыз, Сәрсенбі

Шарипова-Очигава жекпе-жегі тағы да кейінге қалды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипованың (10-1, 5 КО) ресейлік Софья Очигаваға қарсы жекпе-жегі тағы да кейінге қалды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бұл жайлы боксшы өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды. 

«Достар, менде нашар жаңалық! Коронавирусқа байланысты Қазан қаласындағы оқу-жаттығу жиынына уақытында бара алмайтын болдым. Сондықтан София Очигавамен жекпе-жегім кейінге қалдырылды.

Өкінішке орай, София келесі кездесуін басқа боксшыға қарсы өткізеді. Ол жайлы кейінірек айтып беремін… Маған жақын уақытта Қазанға жетуге кім көмектесе алады, жекеге жазыңыз», — деп жазды Фируза.

Оқи отырыңыз: Фируза Шарипова ресейлік промоутерлік компаниямен бір жылдық келісімшартқа отырды

Айта кетейік, бұған дейін Шарипова мен Очигава арасындағы кездесу 19 шілдеде өтетіні хабарланған еді. 25 жастағы Шарипованың еншісінде он жеңіс және бір жеңіліс бар, ал 32 жастағы Очигава кәсіпқой рингте тек үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Бөлісу

.