12 тамыз, Сәрсенбі

Мария Агапованың келесі қарсыласы анықталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жақында ғана әлемге әйгілі UFC тұжырымымен келісімшартқа отырған Мария Агапованың келесі қарсыласы анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Агапова октагонға 22 тамызда шығып, 31 жастағы америкалық Шана Добсонмен жұдырықтасады. Алайда бұл кездесу қайда өтетінін әзірге белгісіз.

Айта кетейік, жақында ғана қазақстандық спортшы қыз UFC-дегі дебютін өткізіп, 2 минут 42 секундта қылқындыру әдісімен жеңіске жеткен еді. Бұл оның мансабындағы тоғызыншы жекпе-жегі. Осы жеңістен кейін қазақстандық файтер қыз бірден Шана Добсонды жекпе-жекке шақырды. Қазіргі таңда Добсон ММА-де жеті жекпе-жек өткізген, оның үшеуінде жеңіп, төртеуінде жеңілген. 

Бөлісу

.