12 тамыз, Сәрсенбі

«Реал» «Барселонаны» басып озып турнир кестесінде бірінші орынға шықты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Мадридтік «Реал» футболдан Испания чемпионатының 30 турында «Реал Сосьедадты» ұтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ойын  Сан-Себастьяндағы «Аноэта» стадионында өтіп, 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Корольдік клуб сапынан Серхио Рамос 50 минутта 11 метрлік айып добын орындап, командасын алға шығарды. Одан соң Кәрім Бензема 70 минутта гол соғып, есепті еселей түсті. 83 минутта алаң иелері сапынан Микель Мерино гол соғып, есеп айырмасын қысқартқанмен, ол гол жеңіс сыйламады.

Оқи отырыңыз: «Реал» – Еуропадағы ең қымбат клуб

Осы жеңістің арқасында «Реал» 65 ұпай жинап, қосымша көрсеткіштер бойынша «Барселонадан» озып, турнир кестесінде көш бастады. Ал «Реал Сосьедад» 47 ұпаймен алтыншы орында.

Бөлісу

.