24 қыркүйек, Бейсенбі

Роналду алғаш рет мансабында қатарынан екі финалда жеңіліс тапты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Туриндік «Ювентус» футбол клубының сұрмергені Криштиану Роналду алғаш рет спорттық мансабында қатарынан екі финалда жеңіліс тапты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Кеше түнде Италия Кубогының финалында «Наполи» туриндік «Ювентус» командасынан басым түсіп, кубокты жеңіп алды. Негізгі уақытта гол соғылмады. Екінші тайм аяқталған соң ойын тағдыры пенальти сериясында шешілді.

Бұған дейін «Ювентус» Италия Суперкубогында «Лациодан» (1:3) жеңіліп қалған болатын. 

Пенальти сериясы: 0:0 — Дибала (сала алмады) | 0:1 — Инсинье | 0:1 — Данило (сала алмады) | 0:2 — Политано | 1:2 — Бонуччи | 1:3 — Максимович | 2:3 — Рэмзи | 2:4 — Милик.

Айта кетейік, Роналду осы маусымда Италия чемпионатында 21 гол соқты. Ол 2018 жылы туриндік клубқа «Реал» сапынан € 117 миллионға ауысып келген еді. Португалиялықтың туриндік клубпен келісімшарт мерзімі 2022 жылдың жазына дейін есептелген.

Бөлісу

.