5 желтоқсан, Сенбі

Месси «Барселонамен» келісімшарт мерзімін ұзартты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Барселона» клубының сұрмергені Лионель Месси клубпен келісімшарт мерзімін ұзартты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. Бұл туралы Mundo Deportivo мәлімдеді.

Дереккөздің хабарлауынша, 32 жастағы аргентиналықтың клубпен жаңа келісімі 2023 жылға дейін есептеледі, бірақ «1 + 1» схемасы бойынша жасалады (автоматты түрде жаңарту мүмкіндігімен бір жылдық келісім). Басылым Месси әр маусымның соңында командадан кету құқығын сақтап отырғанын айтады. Сонымен бірге Леоның жалақысы өседі.

Аргентиналықтың қазіргі келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін есептелген.

Айта кетейік, Месси 2003 жылдан бері «Барселона» намысын қорғап келеді. Каталон клубымен ол 10 рет Испания чемпионы болды, алты рет Кубокты және сегіз рет ел Суперкубогын, төрт рет Чемпиондар лигасын және үш рет УЕФА Суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Бөлісу

.