12 тамыз, Сәрсенбі

Майкл Фелпс — XXI ғасырдың үздік спортшысы

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Marca басылымы XXI ғасырдың үздік спортшыларының рейтингін жасады,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жүзуден 23 дүркін Олимпиада чемпионы Майкл Фелпс XXI ғасырдың үздік спортшысы атанды. Тіпті әлемнің футбол жұлдыздары Кришитану Роналду мен Лионель Месси үздік үштікке енбей қалды.

Екінші орынға ямайкалық желаяқ Усэйн Болт жайғасса, үштікті  теннисші Роджер Федерер қорытындылады.

Marca нұсқасы бойынша XXI ғасырдың үздік 10 спортшысы мыналар:

1. Майкл Фелпс (жүзу)
2. Усэйн Болт (жүгіру)
3. Роджер Федерер (теннис)
4. Рафаэль Надаль (теннис)
5. Коби Брайант (баскетбол)
6. Тайгер Вудс (гольф)
7. Лионель Месси (футбол)
8. Льюис Хэмилтон (автожарыс)
9. Валентино Росси (мотожарыс)
10. Криштиану Роналду (футбол).

Бөлісу

.