12 тамыз, Сәрсенбі

«Барыс» алғаш рет Еуропаның үздік он клубы қатарына ілікті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Барыс» хоккей клубы алғаш рет Еуропаның үздік он клубы қатарына кірді,  деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Hockeyarchives.info сайты осы маусымның қорытындысы бойынша Еуропаның үздік 250 клубының дәстүрлі рейтингін ұсынды. Оған Қазақстан өкілдері де кірді. «Барыс» өткен жылмен салыстырғанда он орын жоғары көтеріліп, тоғызыншы орынды иеленді және осы тізімнің ТОП-10-на кірген тарихтағы алғашқы Қазақстан клубы атанды. 

Айта кетейік, өткен маусымда «Барыс» Гагарин кубогының ширек финалына шығып, новосібірлік «Сибирь» командасымен ойнауы тиіс еді. Алайда, елордалық клуб елімізде енгізілген ТЖ режиміне байланысты ҚХЛ плей-офф ойынынан шығуға тура келді.

Бөлісу

.