24 қыркүйек, Бейсенбі

Adidas саяси көзқарасы үшін Месут Озилмен серіктестікті доғармақ

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Месут Озил бұдан былай әйгілі Adidas брендінің бет-бейнесі болмайды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Компания «Арсенал» жұлдызының саяси көзқарасы Adidas имиджіне кесірін тигізеді деп санайды. Атап айтқанда, Озил ұйғырларды қуғын-сүргінге ұшыратып жатыр деп Қытай билігін ашық сынға алды, Түркия президенті Реджеп Эрдоганмен достық қарым-қатынасын жасырмайды.

Озил Nike компаниясымен серіктестігін аяқтап, 2013 жылы Adidas-пен келісімшартықа қол қойды. Неміс брендімен жасалған жеті жылдық келісімшарт жартылай қорғаушыға шамамен 24 миллион еуро пайда әкелді.

Айта кетейік, Озил «Арсенал» сапына 2013 жылы «Реалдан» ауысып келген болатын. Трансфер құны 47 миллион еуроға бағаланған. 31 жастағы ойыншы бұл маусымда Өзил Премьер-лигада 18 ойын өткізіп, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Футболшының келісімшарт мерзімі 2021 жылдың жазына дейін.

Бөлісу

.