24 қыркүйек, Бейсенбі

Роналду карантин кезінде инстаграмда ең көп табыс тапқан

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Туриндік «Ювентус» футбол клубының сұрмергені Криштиану Роналду карантин кезінде инстаграмда ең көп табыс тапқан спортшылардың көшін бастады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Attain консалтингтік компаниясы коронавирус пандемиясы өршіп тұрған уақытта инстаграм желісінде табыс тапқан спортшылардың кірісін жариялады. Компания 12 наурыз бен 14 мамыр аралығындағы табысты есептеген.

Португалиялық ойыншы карантин кезінде 2,1 миллион еуроға жуық табыс тапқан. Оның инстаграмда 222 миллион жазылушысы бар. Әр публикация үшін ол шамамен 527 000 еуро алады.

Карантин кезінде ең көп табыс тапқан он спортшы:

1. Криштиану Роналду (футбол) — 2,1 миллион еуро.
2. Лионель Месси (футбол) — 1,5 млн.
3. Неймар (футбол) — 1,3 млн.
4. Шакил О’Нил (баскетбол) — 655 мың.
5. Дэвид Бекхэм (футбол) — 455 мың.
6. Вират Кохли (крикет) — 425 мың.
7. Златан Ибрагимович (футбол) — 206 мың.
8. Дуэйн Уэйдт (баскетбол) — 160 мың.
9. Дани Алвес (футбол) — 150 мың.
10. Энтони Джошуа (бокс) — 136 мың.

Бөлісу

.