24 қыркүйек, Бейсенбі

«Ертіс» футбол клубы қанша шығынға батты?

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Павлодар облысының туризм және спорт басқармасының бастығы Марат Айдашев «Ертіс» футбол клубының салық қарызы туралы айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бөлім басшысы клубқа қаржы құюдың команданың қазіргі жағдайын неге құтқара алмайтыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Тіпті біз Павлодар облысының Құрметті азаматы Димитар Димитровпен келісетін болсақ және ол бізге барлық ақшаны кешірген жағдайдың өзінде жағдай өзгермейді. Егер де біздің легионерлеріміз бізге мұның бәрін кешіріп, кетіп қалған күннің өзінде салық бойынша түсетін миллиард теңгеден астам қаржы желге ұшады. Бұл — іс жүзінде мүмкін емес және олар салықты демеушілерден, барлығынан да жасырды.

Салық берешегіне келетін болсақ, аудит нәтижелері бойынша тек 2019 жылы 940-950 млн теңге болды, оған қоса қазір 200 млн теңге қарыз бар. Қазір миллиардтан астам теңге, салықшылар есепшоттарды тұтқындап, клуб есебіне түсетін барлық қаржыны осы берешекті өтеу есебіне тастап кететінін айтқым келеді», – дейді Марат Айдашев.

Айта кетейік, «Ертіс» клубы 1965 жылы құрылған. Қазақстан чемпионатында 1993, 1997, 1999, 2002, 2003 жылдарда чемпион атанса, 1994, 1996, 2004, 2012 жылдарда күміс жүлдегер болды. Ал 1992, 1998, 2000, 2008, 2010, 2016 жылдарда қола жүлдеге қол созды.

Бөлісу

.