24 қыркүйек, Бейсенбі

«ПСЖ» шабуылшысы ұйқысыздық дертіне шалдыққан

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«ПСЖ» дәрігері шабуылшы Анхель Ди Марияның жағдайына алаңдаушылық білдірді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. Бұл туралы Le Parisien жазады.

Дереккөздің хабарлауынша, медициналық штаб өкілі клуб басшылығына 32 жастағы ойыншының жағдайы туралы айтып берді. Ди Марияның ұйқысыздықтан зардап шегетіні, сондай-ақ мазасыздық және тіпті уақытша депрессияны бастан өткергені туралы айтылады.

Мұның басты себебі – пандемияға байланысты футболдың уақытша тоқтатылғаны. Ди Марияның әйелі туыстарына күйеуі өзін зомби сияқты ұстайтынын айтқан.

Айта кетейік, COVID-19 індетінің таралауына байланысты әлемде барлық спорттық шара уақытша тоқтатылған болатын. Франция чемпионатының биылғы маусымы мерзімінен бұрын аяқталған еді. Париждік клуб чемпион атанды.

Бөлісу

.