27 қыркүйек, Жексенбі

Талғат Шайкен: Мақсатқа жету үшін бар күшімді саламын

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2018 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы Талғат Шайкен кәсіпқой боксқа ауысқаны жайлы пікір білдірді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ол қарамағында Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) және Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) сынды бокс жұлдыздары бар британдық MTK Global менеджерлік компаниясымен келісімшартқа отырды.

«MTK Global компаниясымен келісімшартқа отырғаныма қуаныштымын. Бұл әлемдегі ең үздік менеджерлік компания. Болашағыма сеніммен қараймын. Дебюттік жекпе-жегімді асыға күтемін», – дейді Шайкен.

View this post on Instagram

Құрметті жанкүйерлер, Алланын қолдауымен кәсипқой боксқа ауыстым. МТК GLOBAL менеджерлік командасымен контрактқа қол қойдым. Мақсатқа жету үшің қолымнан келгенше бар күшім саламын! Альхамдулилля! Уважаемые друзья, выражаю вам большой рахмет за поддержку и хочу вам сообщить о своем переходе в профессиональный бокс. Я подписал контракт с одной из ведущих мировых менеджерских компаний МТК GLOBAL и теперь постараюсь радовать казахстанцев успешным выступлением на профи ринге!

A post shared by Талгат Шайкен (@talgat_shaiken) on

«Құрметті жанкүйерлер, Алланың қолдауымен кәсіпқой боксқа ауыстым. МТК GLOBAL менеджерлік командасымен келісімшартқа қол қойдым. Мақсатқа жету үшін қолымнан келгенше бар күшім саламын!», – деп жазды боксшы Инстаграм парақшасына.

Айта кетейік, көкшетаулық спортшы 10 жылдан бері бокспен айналысып келеді. 2018 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы және Жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған. 19 жастағы боксшының дебюттік жекпе-жегі қашан өтетіні әзірге белгісіз.

Бөлісу

.