6 шілде, Дүйсенбі

ММА тарихындағы ең мықты жауынгер кім?

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Америкалық CBS телеарнасы ММА тарихындағы ең мықты жауынгерлердің рейтингін ұсынды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жақында ғана жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуден бас тартқан америкалық Джон Джонс UFC рейтингінің көшбасшысы саналады. Екінші орынды бразилиялық Андерсон Силва, үшінші орынды канадалық Жорж Сен-Пьер иемденді.

CBS төртінші орынға ресейлік Федор Емельяненконы қойды. Бесінші орынға америкалық Деметриус Джонсон және алтыншы орынға жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов жайғасты.

View this post on Instagram

Agree or disagree with the list? (@cbssportshq)

A post shared by CBS Sports (@cbssports) on

CBS нұсқасы бойынша ММА тарихындағы ең мықты жауынгерлер ондығы мынадай:

1. Джон Джонс (АҚШ)
2. Андерсон Силва (Бразилия)
3. Жорж Сен-Пьер (Канада) 
4. Федор Емельяненко (Ресей) 
5. Деметриус Джонсон (АҚШ)
6. Хабиб Нурмагомедов (Ресей)
7. Жозе Альдо (Бразилия) 
8. Даниэль Кормье (АҚШ) 
9. Конор МакГрегор (Ирландия) 
10. Мэтт Хьюз (АҚШ).

Айта кетейік, бұл жауынгерлердің сегізі қазіргі таңда жекпе-жекке шығып жүр, ал Сен-Пьер мен Хьюз спорттық мансабын аяқтаған.

Бөлісу

.